Меню KDT

logo.png?_=1748857557

Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта)  Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық)» КММ
  • kz
  • ru
  •  

    « Халықаралық балаларды қорғау»

    Ағымдағы жылдың 27 мамыр күні Шу ауданы, Төле би ауылы
    Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО)
    « Халықаралық балаларды қорғау» күніне орай оқушылармен 27-мамыр «Балалар үні» негізінде мектеп әкімшілігімен кездесу ұйымдастырылады. Іс-шараға мектеп директоры М. Сұлтанова қатысып, оқушыларды алда келе жатқан балалар күнімен құттықтап, сондай-ақ, балаларды адал еңбек пен оқу-білімге шақырып, жазғы демалыстарын қауіпсіз, мазмұнды әрі қызықты өткізуге тілектестігін білдірді .
    Кездесудің мақсаты – балалардың құқықтарын сақтау, оларды қорғау, қауіпсіз орта қалыптастыру және олардың жазғы демалысын мазмұнды әрі қауіпсіз өткізуге бағытталған ұсыныстар беру.
    Іс-шара барысында оқушыларға «1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай, ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың бейнеқұттықтауы көрсетілді. Министр өз құттықтауында балалардың жан-жақты дамуы мен табысты тұлға болып қалыптасуына жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала беретінін атап өтті.
    Мектеп ұжымы мен оқушылар министрдің жылы лебізін ризашылықпен қабылдап, өздерінің білім мен тәрбие жолындағы мақсаттарын айқындай түсті.


    27.05.2025
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки