Меню KDT

logo.png?_=1748857557

Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта)  Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық)» КММ
  • kz
  • ru
  •  

    «Көңілді жаз – 2026» жазғы лагерінің жабылу салтанаты

    Құрметті балалар, ата-аналар және ұстаздар!
    Бүгін біз «Көңілді жаз – 2026» жазғы лагерінің жабылу рәсімінде бас қосып отырмыз. Осы қысқа уақыт ішінде балаларымыз қызықты ойындарға қатысып, жаңа достар тауып, шығармашылық пен спортта өз қабілеттерін көрсетті. Жазғы лагерьдің басты мақсаты – балалардың демалысын көңілді, пайдалы және қауіпсіз ұйымдастыру болды.
    Балаларға жарқын эмоциялар, көтеріңкі көңіл-күй және ұмытылмас естеліктер сыйлаған лагерь күндері әрқайсымыздың жүрегімізде сақталады. Баршаңызға белсенді қатысқандарыңыз үшін алғыс айтамыз!
    - Әр күніңіз қуанышқа толы болсын!
    - Жазғы демалыстарыңыз қызықты өтсін!
    - Жаңа оқу жылында биік белестерді бағындырыңыздар!
    «Көңілді жаз – 2026» лагері жабық деп жарияланады!
    Келесі кездескенше, достар! 
    Ұйымдастырушылар: Тәрбиешілер

    .
    12.06.2026
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки